Трамп Украинадан млрд доллар көмекті қайтаруды талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті өзінің басшылығымен тоқтатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News таратқан мәліметке сәйкес, ол Украинаға әскери техника мен өзге де мақсаттарға берілген млрд доллар көмекті қайтаруға қажеттігін мәлімдеді.

Тараптар көптеген проблемалық мәселелердің барын алға тартты.

Мен біз салған барлық ақшаны олардың бізге қайтарғанын қалаймын. Сондықтан біз сирек кездесетін металдар мен мұнайды сұраймыз – бұл біз ала алатын нәрселер, - деді Трамп СРАС конференциясында сөйлеген сөзінде.

Айтуынша, Еуропа мемлекеттері өз көмегімен несие түрінде ұсынса, ал АҚШ олай етпеген. Демек, өтемақысы болуға тиіс.

Біз ақшамызды қайтарамыз, солай болуы әділетті, - деді Дональд Трамп.

Президенттің айтуынша, АҚШ 350 млрд доллар көмек бөлген. Алайда Кильск әлемдік экономика институты сынды халықаралық ұйымдар көмекті 120 млрд долларға бағалап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы