Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін мұнайды арзандатуды ұсынды
Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін мұнай бағасын төмендету жолын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Сауд Арабиясы мен ОПЕК елдеріне мұнай бағасын төмендетуді ұсынды.
Оның пікірінше, мұндай қадам Украинадағы соғысты ертерек тоқтатуға мүмкіндік береді.
Егер баға (мұнай – ред.) төмендесе, Украинадағы соғыс бірден тоқтайтын еді. Қазір соғыс жалғасуы үшін баға айтарлықтай жоғары, - деп атап өтті Трамп.
Одан бөлек, Трамп АҚШ Украинадағы соғысқа тосқауыл болу үшін Қытаймен бірігіп жұмыс істейтінін мәлімдеді. Айтуынша, бұл мәселені ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен талқылаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Алматыда шағын және орта бизнеске 71 млрд теңге бөлінеді
Өзгелердің жаңалығы