Трамп Украинадағы қақтығысты осы аптада тоқтатуға болатынына сенімді

23 ақпанға қараған түні Украина, АҚШ және Ресейге қатысты маңызды оқиғалар орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімге осы аптада қол жеткізуге болатынына сенімді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт мәлімдеді.

Президент пен оның командасы екі тараппен келіссөз жүргізуге және бұл қақтығысты тоқтатуға баса назар аударып отыр. Ол осы мақсатқа осы аптада жететінімізге нық сенімді, – деді ол.

Левиттің айтуынша, Вашингтон дипломатиялық күш-жігерін жалғастырып жатыр, ал ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолтц демалыс күндері келісімге қол жеткізу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, Трамптың басты мақсаты – бейбітшілікке қол жеткізу және бейбіт тұрғындардың өлімін тоқтату екені атап өтілді.

Журналистер Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі туралы сұрағанда, Левитт нақты жауап бермеді, бірақ Ақ үй екі тараппен де келіссөздерді жалғастырып жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: depositphotos.com/ gints.ivuskans
Өзгелердің жаңалығы