Трамп: Украинадағы бейбіт келісімді Путин емес, Зеленский тежеп отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында Украинадағы бейбіт келісімнің баяулауына Ресей емес, Украинаның президенті Владимир Зеленский кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трамптың пікірінше, Ресей президенті Владимир Путин келісімге дайын, ал Украина тарапынан келіссөздерге қолайлы көңіл-күй жоқ.
Менің ойымша, Украина келісім жасауға әзір емес, – деді Трамп.
Сұхбат барысында Трамп Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерге қатысты соңғы әрекеттердің сәтсіз болғанын атап өтті. Ол Зеленскийдің келіссөздерден жалтаруы мен Мәскеуге аумақтық жеңілдіктер беру мүмкіндігін жоққа шығаруын сынға алды.
АҚШ президенті сондай-ақ, келесі аптада швейцариялық Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Зеленскиймен кездесуге мүмкіндігі бар екенін айтты, бірақ нақты жоспар жоқ екенін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы