Трамп: Украина мәселесінде айтарлықтай оң өзгеріс бар

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу бағытында айтарлықтай ілгерілеу бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 1980 жылғы Олимпиада чемпиондары – АҚШ хоккей құрамасының ойыншыларына құрмет марапаттарын тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.

Америка көшбасшысының айтуынша, оның қызметі барысында бірнеше қарулы қақтығыстың тоқтауына ықпал етуге мүмкіндік туған. Алайда Украина төңірегіндегі жағдай әлі де ең күрделі мәселелердің бірі болып қалып отыр.

Біз елеулі ілгерілеуге қол жеткіздік. Бұл оңай мәселе емес, бірақ жұмыс жалғасып жатыр, – деді Трамп. 

Ол қазір тиісті келісімдерге келу мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын да атап өтті.

Сондай-ақ президент алдағы уақытта бұл бағыттағы келесі қадамдарға қатысты айқынырақ түсінік пайда болуы мүмкін екенін жеткізді.

Бұған дейін Украина үшін қазіргі кезеңнің маңыздылығы жөнінде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де Бельгия премьері Барт де Вевермен өткен кездесуде мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Allison ROBBERT/AFP
Өзгелердің жаңалығы