Трамп Тоқаевтың G20 саммитіне қатысатынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ. Тиісті мәлімдемені америкалық көшбасшы Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Трамптың айтуынша, әңгіме барысында тараптар жалғасып жатқан қақтығыстарда бейбітшілікке қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы сауда мен ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылаған. АҚШ президенті Америка Құрама Штаттары, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Сонымен қатар Ақ үй басшысы 2026 жылы АҚШ G20 саммитін өткізетінін және бұл іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевті қонақ ретінде қатысуға шақыратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, G20 саммитін Майами қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы