12 Қыркүйек 2026, 22:50 Фото: Ақорда

Трамп Тоқаевты ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен бірінші болып құттықтады

Ақ үй басшысы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, елдің мәдениеті мен тарихи мұрасына жоғары баға берді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында құттықтау жолдады.

Ақ үй басшысы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, елдің мәдениеті мен тарихи мұрасына жоғары баға берді.

«Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді», – делінген құттықтауда.

Дональд Трамп Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің маңызын атап өтіп, екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

«Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін», – деді АҚШ Президенті.

Сонымен қатар Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылық қасиеттеріне ерекше тоқталды.

«Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе», – деп жазды Дональд Трамп.