Трамп: Tesla-ға жасалған шабуыл – ішкі терроризм

АҚШ президенті Дональд Трамп Tesla көрме залдары мен қуаттау станцияларына шабуыл жасағандарды "ішкі терроршылар" деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ bloomberg-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл әрекеттер "ұлы америкалық компанияға орасан зор нұқсан келтіруде".

Соңғы апталарда АҚШ пен Еуропада Tesla-ға қарсы наразылықтар күшейді. Франциядағы автосалондардың бірінде бірнеше көлік өртенсе, АҚШ-та бірнеше электромобиль бүлінген.

Трамп Ақ үй алдында сөйлеген сөзінде шабуыл жасағандарды қатаң жазалайтынын айтты. Сондай-ақ, Илон Маскқа қолдау ретінде Tesla сатып алатынын мәлімдеді.

Наразылықты ұйымдастырушылар президенттің мәлімдемесіне қарсы шығып, өз әрекеттерін бейбіт шеру деп атады.

Илон Масктың дәулеті 2024 жылы 486 миллиард долларды құрағанымен, саяси ұстанымдарына байланысты Tesla сатылымы Еуропа мен Қытайда айтарлықтай төмендеген.

Тек Германияда ғана қаңтар-ақпан айларында Tesla саудасы 70%-ға кеміді. Қытайға өнім жеткізу көрсеткіші де өткен айда 49% төмендеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы