Трамп: Таиланд пен Камбоджа атысты тоқтатуға келісті
АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдегендей, Таиланд пен Камбоджа премьер-министрлері бір тәулік ішінде кез келген атысты тоқтатып, бейбіт келісімдерге қайта оралуға келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін таңертең мен Таиланд премьер-министрі Анутин Чанвиракун және Камбоджаның премьер-министрі Хун Манетпен ұзақ жылдар бойы болған қақтығыстың қайта басталуына қатысты өте жақсы әңгіме өткіздім. Олар бүгін кешке кез келген атысты тоқтатуға және Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагимнің көмегімен менімен бірге қол жеткізген алғашқы бейбіт келісімдерге оралуға келісті, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында.
Бұл мәлімдеме екі ел арасындағы аумақтық қақтығыстың шиеленісін бәсеңдетуге бағытталған алғашқы маңызды қадам болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ЕО Ресейдің активтерін мерзімсіз бұғаттау туралы шешім қабылдады
Келесі жаңалық
Тұрмыстық зорлық‑зомбылықпен күрес: заң, қоғам, мәдениет
Өзгелердің жаңалығы