30 Қазан 2019 2019, 11:12
Трамп тағы бір ДАИШ көшбасшысының көзін жойғанын мәлімдеді
Алматы, BAQ.KZ. "Ислам мемлекеті" ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) екінші тұлғасы өлтірілді.
Алматы, BAQ.KZ. "Ислам мемлекеті" ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) екінші тұлғасы өлтірілді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де мәлім етті, деп жазды Курсив басылымы.
Трамп америкалық әскерилердің марқұм Әбу Бәкір әл-Бағдадидің орнын баспақшы болған үміткердің көзін жойғанын мәлімдеді.
Бұдан бұрын 27 қазанда АҚШ президенті ИГИЛ көшбасшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің Сирияның Идлиб провинциясында жүзеге асырылған арнайы операцияның нәтижесінде көзі жойылғанын ресми растаған болатын. Десек те сарапшылар көшбасшының қазасы содырлардың қызметіне соншалықты үлкен нұқсан келтірмейді деген пікірде.