Трамп Солтүстік Корея басшысынан тағы да хат алғанын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ыннан тағы да хат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы синьхуа агенттігі хабарлады. 

Ақ үй басшысы журналистермен кездесу барысында 10 маусым күні Ким Чен Ыннан жағымды хат алғанын айтты, алайда оны мазмұны жайында тіл қатпады.

Трамп сөз арасында КХДР басшысымен қарым-қатынасы жақсы екенін және оның сөзінде тұратын адам екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол «Ким Чен Ын басқаруындағы КХДР-дың әлеуеті жоғары» деп атап өтті.

Ким Чен Ынмен тағы кездесу бола ма деген сұраққа Трамп «болып қалуы мүмкін» деген жауап қатты.

Еске салсақ, 2018 жылдың маусым айында Сингапурде Дональд Трамп пен Ким Чен Ын алғаш рет кездесу өткізген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы