Трамп Солтүстік Кореяға жақында бармайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті қазір Солтүстік Кореяға баратындай ыңғайлы уақыт емес екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Бахрейннің мұрагер ханзадасы Сальман бен Хамад бен Иса Аль Халифамен кездесуінде Солтүстік Кореяға баруы мүмкін екенін айтты.

«Жақын арада мен Пхеньянға баратындай ыңғайлы уақыт емес», - деп келтірді Трамптың сөзінAgence France-Presse басылымы.

Айта кетсек, КХДР басшысы Ким Чен Ын тамызда Трампқа жазған хатында оны Пхеньянға шақырған болатын. 

Мемлекеттік департаменттегілер АҚШ денуклеаризация туралы Солтүстік Кореямен келіссөздерді қайта жүргізуге дайын екенін хабарлаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда цех өртенді
Өзгелердің жаңалығы