Трамп Си Цзиньпинмен кездесу уақыты мен орнын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы апталарда Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен Оңтүстік Кореяда кездесуге ниетті. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамптың айтуынша, ол Оңтүстік Кореяда Қытай президентімен кездеседі.

Төраға Симен жақсы қарым-қатынастамын. Өздеріңіз білетіндей, мен онымен бірнеше аптадан кейін кездесетін боламын. Мен онымен Оңтүстік Кореяда кездесемін. Бірақ біз ұзақ уақыт бойы өте жақсы қарым-қатынаста болдық, - деді Трамп.

Трамп Қытай басшысымен алдағы кездесуді 1 қазанда өзінің Truth Social арнасында жариялады. Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында ол Қытайды америкалық ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға міндеттейтін АҚШ пен Қытай арасында бұрын жасалған келісім мәселесін көтеруді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы