Трамп-Си Цзиньпинь кездесуі: АҚШ Қытайға қатысты баж салығын төмендетті
АҚШ президенті Дональд Трамп фентанил мәселесіне байланысты енгізілген Қытайға қарсы тарифтерді төмендететінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Енді баж салығы екі есе қысқарып, 20%-дан 10%-ға дейін азаяды.
Америкалық көшбасшы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен келіссөздерді «таңғаларлық әрі ерекше» деп сипаттады. Оның айтуынша, ол 2026 жылдың сәуір айында Қытайға сапармен баруды жоспарлап отыр.
23 қазанда Ақ үй басшысы Симен өтетін кездесуде фентанил мәселесі басты тақырып болатынын айтқан еді.
Трамп Қытайды бұл затты Венесуэла арқылы АҚШ пен Мексика порттарындағы бақылаудан айналып өткізіп жатыр деп айыптаған. Сондай-ақ ол Қытай көшбасшысымен Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесін де талқылауды көздеген.
Өз кезегінде ҚХР төрағасы келіссөздердің басында (олар 1 сағат 40 минутқа созылған) Қытайдың даму мен жаңғыру жолы Трамптың «Американы қайта ұлы ету» мақсатына қайшы келмейтінін айтты.
Си Цзиньпиннің сөзінше, ол көптеген жылдар бойы АҚШ пен Қытай серіктес әрі достас елдер болуы керек екенін айтып келеді.