Трамп ұшақ апаты техникалық ақаудан болғанына күмәнданатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранда апатқа ұшыраған украиндық Boeing апатының себебі техникалық проблемалар болуы мүмкін екеніне күмәнданатынын айтты. Бұл туралы CBS News хабарлайды.

Менде бұл туралы күдік бар. Біреулер қателесуі мүмкін. Бірақ біз емес.., - деді Трамп.

Айта кетейік, Тегераннан Киевке ұшатын Боинг 737 ұшағы 8 қаңтарда апатқа ұшыраған болатын. Онда экипаждың 9 мүшесін қосқанда 176 адам болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы