24 Шілде 2026, 08:52 Фото: Ақ үй сайты

Трамп Сауд Арабиясымен жасалатын ядролық келісімге жаңа шарт қойды

Сауд Арабиясы әзірге Авраам келісімдеріне қосылу мәселесіне қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясымен азаматтық ядролық бағдарлама жөніндегі келісімді мақұлдағаннан кейін оған жаңа талап қойды. Оның айтуынша, келісім толық күшіне енуі үшін Сауд Арабиясы алдымен Авраам келісімдеріне қосылып, Израильді ресми түрде мойындауы керек.

АҚШ Энергетика министрлігі мен Сауд Арабиясы арасында тек бейбіт мақсаттағы азаматтық ядролық нысандарға қатысты жасалған келісім (уран байыту қарастырылмайды) мақұлданады. Алайда оның жүзеге асуы Сауд Арабиясының Авраам келісімдеріне қосылуына толықтай байланысты. АҚШ азаматтық мақсаттағы ядролық бағдарламаларға қарсы емес, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Энергетика министрі Крис Райт пен Сауд Арабиясының энергетика министрі корольдікке азаматтық ядролық бағдарламаны дамытуға мүмкіндік беретін келісімге қол қойғаннан кейін жарияланды. Келісім Израильдегі бірқатарөз хатшысы Каролин Ливитт Трамптың жаңа талабын растап, егер Сауд Арабиясы Израильмен дипломатиялық қарым-қатына саясаткерлердің сынына ұшырады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт Трамптың жаңа талабын растап, егер Сауд Арабиясы Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасты қалыпқа келтірмесе, келісімнің жүзеге аспайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен бұл мәселе бойынша сөйлеспеген. Бұған дейін тақ мұрагері Палестина мемлекетінің құрылуына нақты жол ашылмайынша Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтірмейтінін бірнеше рет айтқан.

Дереккөздердің мәліметінше, Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ әкімшілігінің ядролық келісім бойынша келіссөз жүргізіп жатқан тобын күтпеген жағдайға қалдырған.

Сауд Арабиясы әзірге Авраам келісімдеріне қосылу мәселесіне қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

23 шілдеде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың баспасөз қызметі Сауд Арабиясының Израильді мойындауы Таяу Шығыстағы бейбітшілікке жасалған маңызды қадам болатынын мәлімдеді.

Авраам келісімдері – Израиль мен бірқатар араб мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған келісімдер. Алғашқы құжаттарға 2020 жылғы 15 қыркүйекте Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн АҚШ пен Дональд Трамптың арағайындығымен қол қойған.