22 Қазан 2026, 05:21 Фото: depositphotos.com

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды әзірге күшейтпейтінін мәлімдеді

Трамптың айтуынша, АҚШ пен Ресей Украина мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеу мен Вашингтон Украинадағы соғысты реттеу жөніндегі келісімге жақындауы мүмкін екенін айтып, Ресейге қарсы санкцияларды әзірге күшейтпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Трамптың айтуынша, АҚШ пен Ресей Украина мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Оның пікірінше, тараптар ұзақ уақыттан бері алғаш рет келісімге жақындауы мүмкін.

«Егер келісімге жақын болсаңыз және өте нәзік келіссөздер жүргізіп жатсаңыз, санкция салмаңыз», – деді АҚШ президенті Ақ үйдің Оңтүстік көгалында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар Трамп Ресейге қатысты шектеу шараларын кез келген уақытта енгізуге өкілеттігі бар екенін атап өтті.