Трамп: Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер қалыпты жүріп жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер қалыпты жағдайда өтіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында журналистерге айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Украина мен Ресей бойынша келіссөздер жалғасуда. Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз, және олар жақсы жүріп жатыр, – деді Трамп.

Оның айтуынша, соңғы күндері өткен консультациялар аясында Майамиде Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ-тың арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен кездескен.

Трамп қақтығыстың аяқталуына үміт білдіріп, «барлығы соғыстан шаршады, ол тоқтауы керек» деп атап өтті.

Ресей президенті Владимир Путинмен немесе Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесу жоспары бар-жоғы туралы сұраққа ол: «Мен қажет болғанның бәрін жасаймын, бастысы – соғыстың тоқтауы», – деп жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы