Бүгiн 2026, 00:30 Фото: REUTERS/Evan Vucci

Трамп: Қытай 200 Boeing ұшағын сатып алуға келісті

Трамптың сөзінше, келісім екі ел арасындағы ірі коммерциялық мәмілелердің бірі болуы мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың 200 Boeing ұшағын сатып алуға келісім бергенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Трамптың сөзінше, келісім екі ел арасындағы ірі коммерциялық мәмілелердің бірі болуы мүмкін.

Алайда мәміле бойынша толық мәлімет әлі жарияланған жоқ. Ақ үй де, Boeing компаниясы да ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін сарапшылар Қытай Boeing компаниясына 500-ге дейін ұшаққа тапсырыс беруі мүмкін екенін болжаған еді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қытайдың ірі әуе компаниялары негізінен еуропалық Airbus өнімдеріне басымдық беріп келген.