Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Дональд Трамп New York Post (NYP) басылымына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылымның мәліметінше, Трамп Путинмен «Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын талқылау үшін» байланысқа шыққан. Алайда әңгіме қанша уақытқа созылғаны туралы Ақ үй басшысы ақпарат бермеді.

Путин сарбаздардың қаза тапқанына шынымен алаңдайды. Адамдардың өлуін тоқтатқысы келеді, – деді Трамп.

Сонымен қатар, Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға көмектесетін «нақты жоспары» бар екенін жеткізді. Ол ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцқа қақтығысты реттеу мәселесіне назар аударуды тапсырды.

Кездесулер өткізейік. Олар (Ресей мен Украина) келіссөз жасағысы келеді. Күн сайын адамдар қаза табуда. Жас сарбаздар өліп жатыр. Менің ұлдарым сияқты жас жігіттер, – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Ол сондай-ақ келесі аптада Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді.

New York Post басылымының хабарлауынша, АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс 14-16 ақпан аралығында өтетін Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: depositphotos.com/palinchak/thenews2.com
Өзгелердің жаңалығы