Трамп Путинмен кездесуін Ресейдің қатаң талаптарына байланысты тоқтатқан

АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Будапешттегі жоспарланған кездесуі Мәскеудің Украинаға қатысты қатаң талаптарын баяндаған меморандумына байланысты тоқтатылды. Мұндай шешім АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров арасындағы телефон арқылы талқылаудан кейін қабылданды. Бұл туралы Financial Times газеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәскеу меморандумда Донбассты Будапеште ешқандай ұрыссыз тапсыруды және Украина НАТО-ға кірмейтініне кепілдік беруді, Ресей Федерациясының Украинадағы басып кіру әрекетінің негізгі себептерін жоюды талап етті. Газет деректеріне сәйкес, Ресейдің бұл талаптары өзгермеген.

Трамп қазан айында Будапештегі кездесуді Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-қа сапарына және Киевке Tomahawk зымырандарын жеткізу мәселесін талқылауға байланысты телефон арқылы сөйлескеннен кейін жариялаған. Кейінірек ол Ресей Федерациясының Украинадағы соғысына байланысты келісімдер жасалмайынша, Путинмен кездесуді қарастырмайтынын мәлімдеді.

Мен уақытымды босқа өткізбеймін, – деді АҚШ президенті.

Сонымен бірге, АҚШ әкімшілігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін жариялады, оның ішінде Ресейдің мұнай экспортын күрт төмендету шаралары қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы