Трамп Путинмен кездесу алдында бірнеше мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путинмен алдағы кездесуге қатысты бірқатар мәлімдеме жасады. Ол Аляскада өтетін саммиттен сындарлы нәтижелер күтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
- Украинадағы соғысты тоқтату:
Трамп Путинді қақтығысты аяқтауға көндіретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, кездесудің алғашқы екі минутында-ақ мәмілеге келу мүмкіндігін түсінетінін жеткізді.
- Зеленский мен Еуропаны хабардар ету:
Трамп кездесуден кейін Украина президенті Владимир Зеленский мен еуропалық көшбасшыларға нәтижелер туралы хабар беретінін айтты. Алайда ол Зеленскийді Аляска саммитіне шақыру жоспарын растаған жоқ.
- Мәскеумен сауда қатынастары:
АҚШ көшбасшысы Ресеймен сауда байланыстарын қалыпқа келтіру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.
- Үшжақты келіссөздер мүмкіндігі:
Трамп, сайып келгенде, Путинді Зеленскиймен бір үстел басында келіссөз жүргізуге отырғыза алатынына сенімді екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Владимир Путинмен 15 тамыз күні Аляскада кездесетінін мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы