Трамп Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға мәжбүр ететінін түсіндірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин ресейлік мұнайдың бағасы төмендесе, Украинадағы соғысты тоқтатуға мәжбүр болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

NBC News хабарлауынша, Трамп бұл туралы бейсенбі, 18 қыркүйекте Лондонда Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармермен өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның (Путиннің – ред.) таңдауы болмайды, – деді Трамп. – Ол бұл соғыстан кетеді.

Стармер де бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, бірқатар еуропалық елдердің Ресейдің энергетикалық ресурстарына "тым тәуелді" екенін еске салды.

Ұлыбритания ресейлік энергетикаға тәуелді емес. Бірақ біз еуропалық әріптестерімізбен белсендірек жұмыс істеуіміз керек. Менің ойымша, бір-екі ел бар, олар энергетика мәселесіне қатысты өз көзқарастарын қайта қарауы керек, - деді ол.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте Трамп Ресейге қарсы елеулі санкциялар салуға дайын екенін мәлімдегенімен, екі шарт қойды: барлық НАТО елдері одан үлгі алуы керек, сонымен қатар ресейлік мұнайдан бас тартуы керек. Бұл туралы Ақ үйдің TruthSocial әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған "Президент Дональд Дж. Трамптың НАТО-ның барлық елдеріне және әлемге жазған хатында" айтылған.

16 қыркүйекте Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін ЕО-ға мүше елдерге олардың ресейлік мұнай мен газдан бас тартуынн жеделдетуді ұсынатынын мәлімдеді.

Көктемде Еурокомиссия 2027 жылдың соңына дейін ресейлік газ импортын толық тоқтату, сондай-ақ ресейлік мұнай импортын барынша азайту бойынша жол картасын ұсынды. Дегенмен Венгрия мен Словакия бұл жоспарға қарсы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы