Трамп Путин жөнінде: "Ол отпен ойнап отыр!"

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей үшін ауыр зардаптардың алдын алғанын айтып, Ресей басшысы Владимир Путинге жаңа тәуекелдер туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Трамп Тruth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Владимир Путин түсінбейтін нәрсе, егер мен болмасам, қазірге дейін Ресейде көптеген жаман оқиғалар болған болар еді, мен шынында да ЖАМАН деп отырмын. Ол отпен ойнап жатыр! – атап өтті.

Бұған дейін Трамп егер Путин бүкіл Украинаны басып алуға әрекеттенсе, бұл Ресейдің күйреуіне әкелетінін айтқан. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол Ресей басшысын қатаң сынға алды. АҚШ президенті Путиннің "мүлдем есінен танып қалғанын" жазды. Трамп ресейлік әріптесі "көптеген адамдарды бекер өлтіріп жатыр", ал зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар Украина қалаларын "себепсіз" атқылап жатыр деп санайды.

Кейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков америкалық көшбасшының Путиннің Украинадағы әрекетіне наразылығына қатысты пікір білдірді. Песковтың айтуынша, Вашингтон Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді бастау үшін "өте көп күш жұмсады", бұл "эмоционалды жүктемені"» білдіреді.

Сонымен бірге Путин Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылдайды, – деп атап өтті Кремль өкілі.

Бір күн бұрын америкалық республикашыл сенатор Линдси Грэм Мәскеуді Украинадағы қақтығысты реттеу үшін шаралар қабылдауға шақырып, Мәскеуден энергия сатып алатын елдерге 500 пайыздық салықты басқаша түрде енгіземіз деп қорқытқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы