Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуін талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы кездесудің міндетті түрде өтуі керек екенін мәлімдеп, Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізетінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ The Washington Post-қа сілтеме жасап.

Жұма күні Ақ үйден Шотландияға аттанар алдында журналистермен сөйлескен Трамп аталған кездесу өтетініне сенімді екенін жеткізді, бірақ Кремль екі ел басшылары арасында жақын арада келіссөздер болмайтынын алдын ала мәлімдеген.

Мен бұл кездесу міндетті түрде өтеді деп ойлаймын, — деді Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті Ресеймен іскерлік байланыс орнатқан елдер мен ұйымдарға қатысты «екіншілік санкциялар» енгізу мүмкіндігін қайта көтерді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей мен Украина делегациялары арасындағы Ыстамбұлдағы келіссөздердің қорытындысы жарияланған еді. Кездесуде екі тарап 2 маусымда алмастырған меморандумдарға және екі ел басшыларының мүмкін болатын кездесуі туралы мәселені талқылаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы