Трамп: Путин мен Зеленский Украинадағы соғысты тоқтату үшін кездесуі керек
Трамптың пікірінше, Ресей мен Украина келісімге келуге дайын.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізуі керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, екі тарап та келісімге келуге ниетті, алайда оған қалай қол жеткізу керегін білмейді.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Трамп бұл пікірін 12 қазанда Огайо штатына аттанар алдында Ақ үйдің Оңтүстік көгалында журналистерге берген сұхбатында айтты.
«Менің білуімше, Зеленский мен Путин осы ақымақ соғысты тоқтату үшін кездесуі керек», – деді АҚШ басшысы.
Трамптың пікірінше, Ресей мен Украина келісімге келуге дайын. Ол АҚШ екі тараптың мәмілеге келуіне ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар америкалық президент Путиннің Зеленскийге қарағанда келісім жасауға көбірек ұмтылатынын айтты. Сондай-ақ ол Зеленскийді келіссөздерге назар аударуға шақырды.
Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу оңай болады деп ойлағанын, алайда бұл міндеттің өзі күткеннен күрделі екенін де мойындады.