Трамп: Путин мен Зеленский Украинадағы қақтығысты тоқтатқысы келеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленский Украинадағы соғысты тоқтатуға мүдделі екенін айтты. Бұл туралы ол Ақ үйде Үндістанның Дивали мерекесіне арналған іс-шара кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Менің ойымша, Путин де, Зеленский де бұл қақтығысты тоқтатқысы келеді. Менің ойымша, ол тоқтайды, - деді Трамп.
Ол сонымен қатар Украинада атысты тоқтату мүмкіндігі бар деген пікір білдіріп, жағдайдың бейбіт шешімге келу ықтималдығын жоққа шығармады.
АҚШ президентінің айтуынша, Украинадағы соғыс бір кездері үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелуі мүмкін еді, алайда қазіргі таңда мұндай қауіп сейілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы