26 Ақпан 2024 2024, 08:44 Фото: baq.kz

Трамп праймеризде жеңіске жетті

Дональд Трамп Оңтүстік Каролинада Республикалық партия праймеризінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дональд Трамп Оңтүстік Каролинада Республикалық партия праймеризінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол сайлаушылардың 60% дауысын жинап, қарсыласы БҰҰ-ның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Никки Хейлиді басып озды. Хейли жеңілгенін мойындап, Трампты жетістігімен құттықтады. Бұл жеңіс республикашылар үшін биыл өтетін президент сайлауында үлкен маңызға ие. Дегенмен АҚШ-тың жаңа көшбасшысының кім болатыны туралы қорытынды жасауға әлі ерте.

Өйткені тақау арада қос партияның президенттікке үміткерлерін анықтайтын бірнеше саяси дода өтеді, – дейді сарапшылар.