Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі өтпеуі мүмкін

АҚШ Тайваньға қару-жарақ сатуға қатысты ауқымды келісім дайындап жатыр. Ал Қытай билігі бұл қадам сәуір айына жоспарланған АҚШ президенті Дональд Трамптың елге сапарына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай ақпаратты Financial Times газеті таратты.

АҚШ Тайваньға Patriot зымырандары мен өзге де қару-жарақ сатуға арналған ірі келісім әзірлеп жатыр. Пекин бұл мәміле президент Дональд Трамптың сәуір айында Қытайға жоспарланған мемлекеттік сапарына қатер төндіруі мүмкін екенін жеке тәртіпте ескерткен, – делінген басылымда.

Газеттің жазуынша, Қытай осы жоспарларға байланысты алаңдаушылығын сәуірге белгіленген Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуінің қарсаңында білдірген.

Бұған дейін Трамп журналистерге жыл соңында Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинді Ақ үйде күтетінін айтқан еді.

Еске салайық, 21 қаңтарда АҚШ президенті Ресей президенті Владимир Путинмен және Си Цзиньпинмен қарым-қатынасының жақсы екенін мәлімдеген. Сондай-ақ ол ҚХР төрағасын «керемет адам» деп атап, Си Цзиньпиннің өз елінде жасаған істерін "таңғаларлық" деп бағалаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ашықтық – сенім негізі
Өзгелердің жаңалығы