Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі басталды

*]:pointer-events-auto [content-visibility:auto] supports-[content-visibility:auto]:[contain-intrinsic-size:auto_100lvh] scroll-mt-[calc(var(--header-height)+min(200px,max(70px,20svh)))]">

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин арасындағы маңызды кездесу өтті. Көшбасшылар баспасөз өкілдерінің көзінше қол алысып, келіссөздерге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Кездесудің басында Си Цзиньпин екі ел әрдайым бір көзқараста бола бермейтіні қалыпты екендігін айтты.

 

Біз әрдайым көзқараста бір бола бермейміз, бұл - қалыпты жағдай. Ірі экономикалық державалар арасында кейде келіспеушілік болуы табиғи, - деді.

Ол Қытай мен АҚШ серіктес әрі достас елдер болуы тиіс екенін атап өтті.

Біздің елдер бір-біріне көмектесіп, бірге өркендеуге толық мүмкіндікке ие. Қытай-АҚШ қатынастарын нығайту үшін сізбен жұмыс істеуді жалғастыруға дайынмын,  - деді Си Цзиньпин.

Трамп өз кезегінде кездесудің сәтті өтетініне сенім білдіріп, Сиді «өте мықты келіссөз жүргізуші» деп сипаттады.

Бұл кездесу екі ел арасындағы сауда мәселелері мен өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

 
 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Reuters
Өзгелердің жаңалығы