Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяда кездесуі мүмкін – БАҚ
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті алдында немесе оның барысында кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ South China Morning Post ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Басылым жазғандай, биылғы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті "Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың жеке кездесуі үшін ең жақсы мүмкіндік" болуы әбден мүмкін.
Трамп 30 қазан мен 1 қараша аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін АТЭС саммитіне барар алдында Қытайға баруы мүмкін немесе қытайлық әріптесімен APEC алаңында кездесуі мүмкін, – деп жазады басылым.
Сәуір айында АҚШ Қытайға салынатын баж салығын 104 пайызға дейін көтерген кезде Қытай мен Америка Құрама Штаттары сауда соғысының шегінде болды. Наурызда ол 20 пайызға дейін төмендеді, ал Бейжің жауап ретінде импортталатын америкалық ауылшаруашылық өнімдеріне баж салығын енгізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
BAIQYMYZ қымыз фестивалінің жеңімпаздары анықталды
Өзгелердің жаңалығы