Кеше 2026, 23:49 Фото: Getty Images

Трамп пен Си Цзиньпин кездесуі кейінге шегерілді

Алдын ала жоспар бойынша, Трамп Қытайға 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында үш күндік сапармен баруы тиіс болған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға сапары мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінің кейінге қалдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ C-Span телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл шешім Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияға байланысты қабылданған.

Біз кездесуді кейінге қалдырамыз. Шамамен бес аптадан кейін өтетін сияқты, – деді Ақ үйде Ирландия премьер-министрі Михол Мартинмен кездесу барысында Трамп.

Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Трамптың Қытайға наурыздың соңы – сәуірдің басына жоспарланған сапары Иранға қарсы әскери операцияға байланысты шегерілуі мүмкін екенін хабарлаған.

Алдын ала жоспар бойынша, Трамп Қытайға 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында үш күндік сапармен баруы тиіс болған. Сапар бағдарламасында АҚШ президентінің ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты келіссөздері қарастырылған.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ Израильмен бірлесіп Иранға қарсы әскери операция бастаған. Оған жауап ретінде Тегеран Израильге, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасауда.