Трамп пен Ердоған ортақ келісімге келе ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Ресейден С-400 жүйесін сатып алуы Анкара мен Вашингтонның арасын суыта ма? Осы жағдайды алдын ала реттеп алғысы келген Режеп Тайып Ердоған мен Дональд Трамп Ақ үйде кездесті, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кетейік, Ердоған Вашингтонда қазір ресми іс-сапармен жүр. Кездесудің алғашқы күні тараптар үш сағат әңгімелесіп, ізінше баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Кездесудегі қиындықтарға қарамастан Трамп келіссөздердің бірінші күнін жемісті өтті деп бағалады. Сондай-ақ түркиялықтар америкалық Пэтриотты сатып алу үшін келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді. Сириядағы операция мен босқындар мәселесі де сөз болды.Шынында бұл қалыптасқан жағдайға байланысты айтарым, Еуропа Түркияға қаржылай көмек көрсету керек. Себебі Түркияда 4 млн босқын бар. Оларды асырап-бағу үшін Анкара 40 миллиард доллар жұмсаған. Бұл сұмдық қой. Анкара өз қаражатын жұмсап, Еуропаға мигранттарды жібермей отыр, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Алдымен, біз күрдтерге қарсы емес, лаңкестерге қарсы күресіп жатқанымызды айта кетейік. Өңірде қазір оқ атпау келісімі сақталып тұр. Бұл АҚШ-пен орнатылған келісімнің арқасы. Қазір 2,2 мың террористті қамауда ұстап отырмыз. Ал Сирияның солтүстігінен 287 содырды ұстадық, - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Сондай-ақ Трамп екіжақты тауарайналымы жайлы да сөз қозғды. Ақ үй басшысы Түркияға құны 100 млрд доллар болатын келісімге келуді ұсынды. Ердоған өз кезегінде келісім шарттары екі ел үшін де тиімді болса, қол қоюға қарсы емес екенін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талшын Жұматаева әлем чемпионы атанды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы