Трамп: "Өз қауіпсіздігіме алаңдаймын"

АҚШ президенті Дональд Трамп өз қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Алайда мұндай ойлардан барынша алшақ болуға тырысатынын айтты.

Бұл туралы ойлаймын, бірақ оны басымнан шығарып тастау керек. Әйтпесе жұмыс істеу мүмкін болмас еді, – деді АҚШ басшысы NBC News телеарнасына берген сұхбатында қойылған сұраққа жауап бере отырып.

Трамп 2024 жылы өз өміріне жасалған екі қастандықтан аман қалған. Алғашқысы шілде айында Пенсильвания штатында өткен сайлауалды митинг кезінде болды. Сол кезде снайпер атқан оқ саясаткердің құлағын жаралаған. 

Екінші жағдайда қыркүйек айында Украинаға көмектесуді қолдайтын радикал Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясының маңында оқ жаудырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы