Бүгiн 2026, 01:29
Фото: AP Photo/Jacquelyn Martin
Трамп Ормуз бұғазында кеме қатынасына төлем енгізуге қарсылық білдірді
Сонымен қатар ол Иранның бұл бағыттан айтарлықтай экономикалық шығынға ұшырайтынын айтып, күніне жүздеген миллион доллар көлемінде жоғалтуы мүмкін екенін мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алуына қарсы пікір білдірді. Ол бұл аймақты халықаралық су жолы деп атап, кеме қатынасы еркін болуы тиіс екенін айтты.
ТАСС агенттігінің жазуынша, Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамп Ормуз бұғазында өту үшін төлем енгізуді қолдамайтынын жеткізді.
Біз оның ашық болғанын қалаймыз. Өту ақысы болмауы керек. Бұл – халықаралық су жолы, – деді АҚШ президенті.
Сонымен қатар ол Иранның бұл бағыттан айтарлықтай экономикалық шығынға ұшырайтынын айтып, күніне жүздеген миллион доллар көлемінде жоғалтуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Трамптың айтуынша, бұл жағдай АҚШ-тың келісімінсіз жүзеге аспауы тиіс.