Трамп Ормуз бұғазынан кемелерді шығарудан бас тартты
АҚШ көшбасшысы Ормуз бұғазындағы операцияны тоқтататынын мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазынан кемелерді шығарудан бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде жазды.
Пәкістан және басқа елдердің өтініші бойынша... сондай-ақ Иран өкілдерімен толық әрі түпкілікті келісімге қол жеткізу бағытында елеулі ілгерілеу болғанын ескере отырып, біз өзара келісімге келдік. Блокада күшінде қала береді, бірақ «Бостандық» операциясы келісімге қол қойылатынын көру үшін қысқа мерзімге тоқтатылады, – деп жазды Трамп.
Иранның мемлекеттік БАҚ-тары мұны жеңіс ретінде бағалап отыр. Олар Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты қайта жандандыру әрекеттеріндегі «үздіксіз сәтсіздіктерден» кейін «шегінуге мәжбүр болды» деп жазуда.
Соған қарамастан, Трамптың мәлімдемесіне қарағанда, бұғазды бұғаттау жалғаса береді.
Ормуз бұғазында қайраңға отырған кемелерді шығаруға бағытталған «Бостандық» операциясы екі күнге де жетпеді. Ол дүйсенбі күні басталған еді.