Трамп Оңтүстік Африкадағы G20 саммитіне бойкот жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Африка Республикасында өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне Америка үкіметінің өкілдері қатыспайтынын мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ үкіметінің бірде-бір өкілі адам құқықтарының бұзылуы жалғасып жатқанда саммитке (G20) қатыспайды, – деп жазды Трамп.
АҚШ көшбасшысының айтуынша, Оңтүстік Африка саммитін өткізу – «ұят шешім», себебі елде ақ нәсілді тұрғындардың құқықтары бұзылып жатыр деп есептейді.
Сонымен қатар Трамп 2026 жылы Майамиде өтетін келесі G20 саммитін асыға күтетінін атап өтті.
Бұған дейін АР Трамптың бойкот жариялау ниеті бар екенін жазған. Басылымның мәліметінше, АҚШ президенті Оңтүстік Африка билігінің жаңа заңына қарсы шыққан – ол заңға сәйкес, мемлекет жерді ақ нәсілді фермерлерден экспроприациялауға (яғни мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алуға) мүмкіндік береді.
Ақ үйдегі бұқаралық кездесу кезінде Трамп Оңтүстік Африка президенті Кирилл Рамафосамен пікір алмасып, оған елдегі нәсілдік саясат туралы бейнематериал көрсеткен. Рамафоса өз кезегінде Оңтүстік Африка үкіметі «ақ тұрғындарға қарсы кемсітушілікке жол бермейді» деп сендірді.