Трамп: Нью-Йорк мэрі Мамданидің жеңісі АҚШ егемендігіне соққы болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорк мэрі болып демократ Зохран Мамданидің сайлануын ел егемендігіне "ішінара соққы" деп атады. Бұл туралы ол Флорида штатындағы Майамиде өткен бизнес-форумда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Біз 2024 жылдың 5 қарашасында көп нәрсе жасадық. Халық билікті қайтарып алды, егемендігімізді қалпына келтірдік. Бірақ оны кеше түнде Нью-Йоркте жоғалтып алдық. Дегенмен, біз бұған қамқорлық жасаймыз, – деді Трамп.

Ол бір жыл бұрын өткен президенттік сайлаудағы өз жеңісін "АҚШ тарихындағы ең маңызды жетістіктердің бірі" деп атады.

4 қарашада өткен сайлауда демократиялық партия өкілі Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі болып сайланды. Ол жеңістен кейінгі сөзінде:

Біздің міндетіміз – Трамп пен оның саяси бағытын тоқтату, – деді.

Мамдани 2026 жылдың 1 қаңтарында Нью-Йорк мэрі қызметіне ресми түрде кіріседі. Бұған дейін қаланы Эрик Адамс басқарған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы