Трамп Нью-Мексико штатының атауын «Жаңа Америка» деп өзгертуді ұсынды
Ақ үй бұған дейін-ақ New Mexico атауының бір бөлігінің сызылып, оның орнына America сөзі жазылған суретті жариялады. Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, бұл идея бастапқыда интернеттегі әзіл ретінде пайда болған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Мексико штатының атауын New America («Жаңа Америка») деп өзгертуді ұсынды. Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұл идеяның көпшілік тарапынан қолдау тауып отырғанын айтып, жаңа атау, оның пікірінше, анағұрлым беделді әрі тартымды естілетінін жеткізді.
Дегенмен Нью-Мексико губернаторы Мишель Лухан-Гришэм бұл ұсынысты қабылдамады.
Бұл атау Америка Құрама Штаттары пайда болғанға дейін-ақ бізбен бірге болған, – деді ол Fox News-ке берген сұхбатында.
Губернатор Трампты жанармай бағасының өсуінен қоғам назарын басқа жаққа аударуға тырысты деп айыптады.
Трамп өз ұсынысын Нью-Мексиконы «сайлауды бұрмалау фактілері көп кездесетін негізгі штаттардың бірі» деп санайтынымен түсіндірді.
Ақ үй бұған дейін-ақ New Mexico атауының бір бөлігінің сызылып, оның орнына America сөзі жазылған суретті жариялады. Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, бұл идея бастапқыда интернеттегі әзіл ретінде пайда болған.
Айта кетейік, бұл Трамптың осындай бастамаларының алғашқысы емес. Бұған дейін ол АҚШ мемлекеттік органдары үшін Мексика шығанағының атауын «Американ шығанағы» деп өзгерткен. Сондай-ақ Онтарио көлін «Америка көлі» деп атауды ұсынған және Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атау туралы ұсыныс жасаған.