11 Қазан 2026, 05:18 Фото: Doug Mills/Pool The New York Times/AP

«Трамп мұхиты» болуы мүмкін: АҚШ президенті жаңа жоспарын айтты

Трамп Ормуз бұғазының атауын «Трамп бұғазы» деп өзгерту мүмкіндігін де тағы да сөз етті.

АҚШ президенті Дональд Трамп қызметінен кетер алдында Атлант немесе Тынық мұхиттарының бірін «Трамп мұхиты» не «Америка мұхиты» деп атауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Бізге мұхит керек. Сондықтан мен Атлант немесе Тынық мұхиты туралы ойладым. Оны “Трамп мұхиты” немесе “Америка мұхиты” деп атаймыз. Осыған ұқсас бір нәрсе. Мен қызметімнен кеткенше мұны істеуіміз керек», – деді Трамп Теннесси штатындағы жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар АҚШ басшысы Миссисипи өзенінің атауын өзгертпейтінін айтып, оған деген ықыласын білдірді.

Трамп Ормуз бұғазының атауын «Трамп бұғазы» деп өзгерту мүмкіндігін де тағы да сөз етті.

Бұған дейін АҚШ президенті Мексика шығанағын «Америка шығанағы», ал Онтарио көлін «Америка көлі» деп атауға қатысты жарлықтарға қол қойған. Бұл шешімдер федералдық органдар мен ресми карталарда аталған географиялық нысандардың атауларын қолдану тәртібін өзгертеді.

Алайда болашақ президенттер бұл өзгерістердің күшін жоюға құқылы.