"Трамп маршруты" Оңтүстік Кавказды өзгертуі мүмкін

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Арменияда TRIPP жобасының іске асуы Оңтүстік Кавказдағы сауда, транзит және энергетика жүйелерін түбегейлі өзгертетінін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ Interfax.ru агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Вэнстің айтуынша, Trump Route for International Peace and Prosperity (TRIPP) жобасы Арменияның көршілес елдермен байланысын айтарлықтай күшейтіп, аймақта жаңа геоэкономикалық кеңістік қалыптастырады. Ол бұл туралы Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен өткен келіссөздерден кейінгі брифингте айтты.

Никол Пашинян TRIPP жобасының стратегиялық маңызына тоқталып, оның Оңтүстік Кавказды толық деблокададан шығарып, Батыс пен Шығысты жалғайтын үздіксіз коммуникация құруға жол ашатынын атап өтті. Сонымен қатар ол Түркиямен диалогты қалыпқа келтіру және Гюмри – Карс теміржолын ашу перспективасын атап өтті.

Айта кетейік, TRIPP жобасы 2025 жылғы тамызда Вашингтонда Армения, АҚШ және Әзербайжан басшылары қол қойған декларацияда бекітілген. Құжат Армения аумағында ірі көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Sky News
Өзгелердің жаңалығы