Трамп Малайзияға сапары кезінде күтпеген жерден би биледі

АҚШ президенті Дональд Трамп Азия елдеріне жасаған сапары аясында Малайзияға келген сәтінде жергілікті бишілермен бірге би биледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Билеп тұрған президенттің видеосы әлеуметтік желілерде тезтарап, үлкен талқылау тудырды.

Трамп Малайзияға АСЕАН саммитіне қатысу үшін келген. Бұл оның Азия елдеріне жасаған турының бір бөлігі. Сапардың соңында ол 30 қазанда Оңтүстік Кореяда Си Цзиньпинмен кездеседі деп күтілуде.

Сонымен қатар Трамп әкімшілігінің өкілдері АҚШ президентінің Азияға сапары кезінде Ким Чен Ынмен кездесудің де мүмкіндігін талқылап жатқаны мәлім болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы