Трамп Мадуромен телефон арқылы сөйлесті
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла басшысы Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы 24.kz жазды.
Қоңырау екі ел арасындағы қатынас шиеленіскен тұста шалынды. Әңгіме барысында қандай мәселелер көтерілгені әзірге ресми түрде жария етілмеді.
Бұған дейін Трамп Мадуроны есірткі саудасымен байланысы бар деп айыптап, Кариб аймағына ауқымды әскери топ жөнелткен еді. Аймақта 20-ға жуық әскери кеме мен 15 мың америкалық сарбаз шоғырланған. Ресми дерекке сәйкес, операциялар кезінде 83 адам көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы