Трамп Лондон мэрін қылмыс деңгейінің өскені үшін кінәлады
АҚШ президенті Дональд Трамп Лондон мэрі Садик Ханның саясаты Ұлыбритания астанасындағы қылмыстық жағдайдың нашарлауына әкелді деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп британдық GB News телеарнасына берген сұхбатында Лондон мэрі Садик Ханды сынға алып, оның әрекетсіздігі салдарынан қалада қылмыс деңгейі әлі де жоғары екенін айтты.
Лондондағы қылмысқа қараңыздар. Менің анам Лондонды жақсы көретін. Ол бұл қала туралы жиі айтатын. Ол кездің Лондоны қазіргі Лондоннан мүлде бөлек еді. Қазір адамдарды пышақтап кетеді немесе одан да жаман жағдайлар болады, — деді АҚШ басшысы.
Трамптың айтуынша, 2016 жылдан бері мэр қызметін атқарып келе жатқан Ханның басқаруы қала үшін «нағыз апатқа» айналған. Ол Ханды «қылмыстың өршуіне жол береді» деп сипаттап, Лондон мен Парижде полиция кірмейтын аймақтар бар екенін алға тартты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы