Трамп Куба қаупіне байланысты АҚШ-та төтенше жағдай жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Кубадан төнетін ұлттық қауіпсіздік қатеріне байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трамптың айтуынша, Куба үкіметінің саясаты мен әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне және сыртқы саясатына тікелей қауіп төндіреді.
Осыған байланысты президент төтенше жағдай аясында арнайы тарифтік жүйе енгізілетінін мәлімдеді. Жаңа тәртіпке сәйкес, Кубаға мұнайды тікелей немесе жанама түрде сататын не жеткізетін шет мемлекеттердің өнімдеріне қосымша кедендік баж салығы салынуы мүмкін.
Бұған дейін Politico басылымы Трамп әкімшілігі Кубаға мұнай жеткізуді тоқтату мақсатында теңіз блокадасын енгізу мүмкіндігін талқылап жатқанын жазған. Басылым дерегінше, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл бастаманы қолдағанымен, түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада салалық журналистиканы дамыту мәселелері талқыланды
Өзгелердің жаңалығы