Трамп Ким Чен Ынмен келіссөзіндегі сәтсіздік туралы айтты
Астана, BAQ.KZ. АҚШ-КХДР саммитінде екіжақты келіссөздердің сәтсіздігіне Дональд Трамптың толық денуклеризацияны (ядролық қарудан бас тартуды) талап етуі себеп болған.
Ким Чен Ын денуклеризацияны ішінара орындауды уәде еткен. Ал Трамп мұнымен келіспеген."Олар белгілі бір жерді ғана денуклеризациялағысы келді, ал мен түгел қаладым. Бізде нақты бағдарлама болмайынша санкция мәселесінде жол бергім келмеді. Олар бұған дайын болмады. Мен мұны толық түсінемін... Олардың толық денуклеризациялағанын қаладым, ал олар ішінара жасағысы келді. Мүмкін біреулер мұны жақсы бастама деп атар, бірақ мен мұның дұрыс емес екенін жай ғана сездім", - деді АҚШ президенті.
Трамп пен Ким Чен Ын 27-28 ақпанда Ханоеде екінші кездесуін өткізді. Олар құжаттарға қол қояды деп жоспарланғанмен, ешқандай келіссөз жасалмады, құжатқа қол қойылмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кәлетаев Премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы