Трамп Канадамен шекарадағы Онтарио көлінің атауын өзгертті
Трамп шешімге АҚШ пен Канада арасындағы сауда қатынастарындағы шиеленіс аясында қол қойды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Онтарио көлінің атауын «Америка көлі» (Lake America) деп өзгерту туралы атқарушы жарлыққа қол қойды. Ақ үйдің ресми құжатында бұл №14420 атқарушы жарлық ретінде жарияланған.
Жарлық АҚШ Ішкі істер министріне елдің географиялық атаулар жүйесінде жаңа атауды енгізуді міндеттейді. Өзгеріс АҚШ-тың федералдық қолданысына қатысты және Канаданы немесе халықаралық ұйымдарды жаңа атауды пайдалануға міндеттей алмайды.
Трамп шешімге АҚШ пен Канада арасындағы сауда қатынастарындағы шиеленіс аясында қол қойды. Ол бұған дейін Мексика шығанағын АҚШ-тың федералдық қолданысында «Америка шығанағы» деп атау туралы шешім қабылдаған еді.
Президент сондай-ақ Атлант немесе Тынық мұхитының атауын өзгерту мүмкіндігі туралы әзіл-шыны аралас пікір білдірді.