4 Наурыз 2025 2025, 08:52 Фото: Samuel Corum/Sipa/Bloomberg

Трамп Канада мен Мексикаға 25% салық салынатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбіден бастап Канада мен Мексикаға қатысты жаңа салық енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбіден бастап Канада мен Мексикаға қатысты жаңа салық енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bloomberg таратқан мәліметке сүйенсек, бұл АҚШ-тың екі ірі сауда серіктестеріне соққы болары сөзсіз.

Канада мен Мексикадан келетін импорттың салығы 25% көлемінде бекітіледі. Алайда оның тек канадалық энергетика тасымалдаушыларға қатысы жоқ.

Мексика мен Канадаға орын қалмады, - деді Трамп АҚШ-тың баж салығын жою туралы солтүстікамерикалық көршілермен келісіміне қатысты журналистердің сұрағына жауап беріп.

Өз кезегінде Канада мен Мексикада жауап қайтаруы әбден мүмкін. Бұл АҚШ-тағы автокөлік бағасының күрт өсіп, жеткізу тізбегінің бұзылуына әкеледі деп күтілуде.

Артынша Ақ үй Трамп сондай-ақ Қытай үшін тарифтерді 20%-ға дейін ұлғайту туралы жарлыққа қол қойғанын айтты.