Трамп Израильдің Дохаға жасаған соққысына қатысты пікір білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қатар билігін Дохаға мұндай соққы қайталанбайды деп сендірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ басшысы Израильдің Дохаға жаңа соққы беруін жоққа шығарды. Бұл туралы ол өзінің арнайы өкілі Стив Виткофф арқылы Қатар билігіне хабарлады.
Сонымен қатар, Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.
Трамп Қатарды Америка Құрама Штаттарының маңызды одақтасы және досы деп санайды және бұл соққының орын алғанына қатты өкінеді, - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Левитт.
9 қыркүйек күні түстен кейін Израиль Дохаға соққы берді. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, шабуылда Хамас жетекшілерінің бірі Халил әл-Хая мен тағы төрт адам қаза тапқан.
Қазақстан Президенті Израильдің Қатар астанасына жасаған шабуылын айыптады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы