Бүгiн 2026, 05:42 Фото: Getty Images

Трамп: "Израиль премьері болуға да болады"

Дональд Трамп Израильдің келесі премьер-министрі болуды жоспарлап отырғанын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Израиль премьер-министрі қызметіне үміткер болуы мүмкін екенін әзілдеп айтты.

Трамптың айтуынша, қазіргі таңда оның «Израильдегі рейтингі 99%».

Сондықтан, бәлкім, осы қызметімді аяқтағаннан кейін премьер-министрлікке кандидат ретінде түсермін, – деді ол.

Сонымен қатар Трамп Биньямин Нетаньяху туралы оң пікір білдіріп, оны "өте жақсы адам, мен не қаласам, соны орындайтын тұлға" деп атады.

АҚШ басшысы бұдан бөлек, конституциялық шектеулерді айналып өтіп, үшінші рет президенттікке сайлану мүмкіндігін де сөз етті.